
«Критериалды бағалау- сапасы білім өлшемі» атты республикалық семинар
2018 жылы 6 қараша күні Білім беруді жаңғырту орталығының және №69 мектеп- гимназиясының ұйымдастыруымен «Критериалды бағалау- сапасы білім өлшемі» атты республикалық семинар болып өтті. Семинарға мектеп директорлары, ҒӘЖ орынбасарлары, бастауыш сынып, ағылшын, орыс тілі пәні мұғалімдері қатысты. Республикалық пилоттық жобада жұмыс істейтін 14 мұғалім және желілік қоғамдастық бойынша №33 мектеп мұғалімдері өз сабақтарында критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі мен ұтымдылығын өз тәжірибелерінде шеберлікпен көрсете алды.
Семинардың екінші кезеңінде фасилитацияланған сессия жұмысы бойынша топтық жұмыс жүргізілді. Қалыптастырушы бағалау кезінде тапсырмаларға дескрипторлар құрастыруды тәжірибе жүзінде нақтылады.