Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

«Желтоқсан – Тәуелсіздіктің ұлы рухы»

  Желтоқсанның 12- жұлдызында Алжир мемориалды-мұражайында  ҚР Тәуелсіздігінің 27 жылдығы және Желтоқсан оқиғасының 32 жылдығы, «алаш» партиясының 101 жылдығына орай «Желтоқсан – Тәуелсіздіктің ұлы рухы» тақырыбында желтоқсан оқиғасына қатысушы куәгерлермен кездесу өткізілді. Кездесуді ұйымдастырғандар «Қаһармандар» және «Тәуелсіздік таңы-желтоқсан» Республикалық Қоғамдық қорлары. Мектебіміздің тарих пәні мұғалімдері мен оқушылары қатысып, аз уақытқа болса да тарих қойнауына еніп, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап ала алды. Алдағы уақытта оқушыны нағыз патриот ретінде тәрбиелеу, тұлға ретінде қалыптастыру барысында осындай кездесулер көптеп ұйымдастырылса деген тілек білдіреміз. «Алжир» мемориалды кешеніне алғыс айта отырып, жұмыстарына табыс тілейміз.

14.12

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1