Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

«Тәуелсіз Қазақстан!»

Биыл 16 желтоқсанда еліміз Тәуелсіздік алғанына 27 жыл толып отыр. Осы мерейлі күнге желтоқсанның 14-жұлдызында мектебіміздің акт залында мерекелік кеш болып өтті. Тәуелсіздік күніне арналған кешке мектеп әкімшілігі, ұстаздар қауымы және өнерлі жастар қатысты. Салтанатты жиынды мектеп-гимназия директоры К.К. Жунусова  шын жүректен құттықтап, мектеп қабырғасындағы сіңірген еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі, еліміздің ертеңі үшін білімді де білікті жас буынды дайындап жүрген қызметкерлерге арнайы алғыс хаттар тапсырды. Кешке арнайы келген Республикалық конкурстардың жеңімпаздары, мектебіміздің түлектері өнерлерімен баршаны тамсандырып, әнімен сүйсіндірді. Тәуелсіздіктен қымбат ештеңе жоқ екендіндігін, оның қадірі еш нәрсемен өлшенбейтінін ұмытпайық!!!








19.12

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1