
Үздік жас маман-2019
«Мұғалім – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы оларды іскерлікке, өз кәсібіне жауапкершілікпен қарауға баулу мақсатында мектебімізде «Үздік жас маман-2019» сайысы өтті. Еңсесі биік, егеменді еліміздің адалдықты ту еткен ұстаздары сайысқа бар ынтасымен, жоғары дайындықпен келген. Жас мамандар төмендегідей төрт бағытта бақ сынасты:
- Таныстыру (шығармашылық деңгейі жоғары болуы тиіс);
- «Менің педагогикалық зертханам» (Мини зерттеу жұмысы);
- Педагогикалық сұрақ-жауап;
- Ситуациялық сұрақ-жауап
«Баталы жан арымас...» дегендей мектеп-гимназия директоры Кусни Қияшқызы құттықтап, алдағы ұстаздық жолда аянбай, ерінбей еңбек етіп, жас ұрпақтың тағдыры олардың қолында екендігін баса айтты. Бас жүлде-Жақсылық Жұлдызай Жұмабергенқызы-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
1-орын: Базарбай Жанболат-физика пәні мұғалімі.
2-орын:Кәдірбай Парида -ағылшын тілі пәні мұғалімі.
3-орын:Каримсакова Меруерт- бастауыш сынып мұғалімі.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған ұстаздар қауымына шығармашылық табыстар тілейміз.