
"Қысқы толағай" спорттық іс-шара
Бүгін мектебімізде қамқоршылық кеңестің ұйымдастырылуымен 5 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында "Қысқы толағай" көңілді мәре сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты: денсаулықтарының шымыр да мықты болуына баулу;
салауатты өмір салтын насихаттау;
ата-ана мен баланың қарым-қатынасын нығайту.
Сайысқа барлық 5-сынып оқушылары мен ата-аналары белсене қатысты. Шара барысында оқушылардың қауіпсіздік ережелерінің сақталуын мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімдері қадағалады. Жүйрік атанғандар арнайы естелік сыйлықтарымен марапатталды.