Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

Театр тарланымен тағылымды кездесу

Бүгін мектебіміздің мәжіліс залында Астана жастар театрының  негізін қалаушы, кино және Жастар театрының әртісі Дәурен Серғазинмен кездесу өтті. Кеш жүргізушісі – мектебіміздің түлегі, қазіргі уақытта тәжіребеден өтіп жүрген Әлбосын Таңнұр.
Әңгіме барысында Дәурен Серғазин  театр және кино әлеміндегі алғашқы туындылары – «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» қойылымы және «Алдар Көсе» мен «Жау жүрек мың бала» фильмдерінде сомдаған рөлдері туралы айтып өтті. Кездесу барысында кеш қонағының қатысуымен қызықты ойын ойнатылып, театр майталманы жастардың көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап беріп, өзінің өнерге қалай келгені турасында, ұлтжанды азамат ретінде толғандырып жүрген мәселелер жайында әңгімеледі.
Кездесу соңында мектебіміздің директоры Құсни Қияшқызы театр саңлағына қызықты сұхбаты үшін ризашылығын білдіріп алғыс хат табыс етсе,оқушылар өз өнерлерін көрсетті.









19.02

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1