
Қадыр оқулары-2019
Сәуір айының 9-жұлдызында Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Тарлан» сыйлығының иегері, ақын Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығын насихаттау мақсатында қалалық Қадыр оқулары өтті. Мектебіміздің 10-сынып оқушысы Сабиғат Ақжол «Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, кейбір жырым бақташы боп жүр маңда...» номинациясы бойынша Бас жүлдені иеленді. Ақжолға Республикалық кезеңге сәттілік тілей отырып, тек жеңіспен оралуын күтеміз.