
«Shug’yla» COMMUNITY орталығы
Құрметті, ата-аналар және оқушылар!!! Қазан айының 19-жұлдызында мектебімізде «Shug’yla» COMMUNITY орталығының ашылу салтанаты болғандығын естеріңізге тағы да сала кетеміз. Орталықтың арнайы ашылу салтанатына «Шұғыла» қосымша білім беру орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы оқушылар сарайының директоры Іргебай Ербол Ісләмұлы қонақ ретінде қатысты. Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған бұл үйірмелердің жұмысына тек сәттілік тілей отырып, жағымды нәтижелер ғана күтетін боламыз.
Орталықта келесі үйірмелер мен спорттық секциялар болады:
Спорт әлемінде:
-тоғызқұмалақ;
-шахмат;
-футбол;
-волейбол
Көркем сурет студиясы:
-сурет;
-қолданбалы өнер
Би студиясы:
-ұлттық би;
-қазіргі заманғы би
Лингвистика:
-ағылшын тілі;
-тіл дамыту
Жас ІТ маманы:
-робототехника;
-3D модельдеу