Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

Спорттық хоккей алаңы

23 қараша күні «Үркер» шағын ауданында спорттық хоккей алаңының ашылуы болды. Атаулы іс-шараға № 69 мектеп – гимназия әкімшілігі және оқушылары қатысып, ашылу салтанатына өз үлестерін қосты. Алаңша Жастар жылы айдарының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Есіл» ауданы әкімінің аппараты «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесе отырып салынған. Алаңша көшелік тренажерлер орналастырылған, балалар ойнайтын және спорттық алаңдарының кешені болып табылады. Кішкентай балалар үшін ойын зонасы, үлкен балалар мен ересектер үшін тренажерлер және жыл мерзіміне байланысты футбол мен хоккей ойнайтын алаңы қарастырылған.
     Қысқы мерзімді Нұр-Сұлтан қаласының №10-шы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорттық мектебінің хоккей командасы  ашып, Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданының әкімі Жакенов Берік Оралұлы құттықтау сөз сөйледі.  «Барыс» хоккей клубының «Номад» командасының өкілдері – Валерий Гурин, Андрей Яковлев, «Үркер» елді мекені Қоғамдық кеңесінің мүшелері және ауданымыздың ең белсенді тұрғындарының бірі, құрметті зейнеткері Қасымов Сабит Карлакұлы атаулы іс-шараға қатысты.
Хоккей алаңының ашылу салтанатына арнайы шашу шашылып, қатысушыларға ыстық бауырсақ таратылды. Тұрғындар, оқушылар «Барыс» хоккей клубының «Номад» командасымен бірге естелік суретке түсіп, «Номад» командасының өкілдері – Валерий Гурин, Андрей Яковлевтің қолтаңбаларын алды. 
  Іс-шара барысында Қазақстанның шайбалы хоккей Федерациясы атынан балаларға хоккей ойнауға клюшкаларды ұтып алуға арналған ойын түрлері жүргізілді.





23.11

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1