2022-23 оқу жылының мектеп бітіруші түлектер ата-аналарымен жиналыс
2023 жылдың 18 мамыр күні мектеп бітіруші түлектер ата-аналарымен жиналыс өтті. Жиналыс барысында оқу жылының аяқталуы, қорытынды аттестация, ұлттық бірыңғай тестілеу, соңғы қоңырауға дайындық мәселесі қарастырылды. Жиналыста сонымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» № 793 Жарлығының 2-тармағы негізінде К.Акышев атындағы №69 мектеп-гимназия директоры Ж. Рахметованың 2023 жылдың 18 мамырдағы №30-н/қ бұйрығымен таныстырылды.18.05