Меню KDT
МЕНЮ

Жаңалықтар

Недостаточно полномочий

«Жетекші-серіктес: білім, мектеп, тәжірибе «Педагогикалық ізденіс» желілік қоғамдастығы тақырыбында қалалық семинар

Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 22 күні «Жетекші мектеп» жобасы аясында  қала мектептерінің кординаторы мен серіктес мектептерге «Жетекші-серіктес: білім, мектеп, тәжірибе «Педагогикалық ізденіс» желілік қоғамдастығы тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға  әдістемелік орталық әдіскері Шакирова Шарипа Химановна және білім беру ұйымдарынынан 48 педагог қатысты.

Семинар мақсаты: мұғалімдердің кәсіби дамуына негізделген оқу үрдісіндегі зерттеулер нәтижесін жариялау, өзара тәжірибе алмасу.

Іс-шараның барысында ««Lesson study —сабақты зерттеу тәсілдемесі, мәні мен мақсаты» тақырыбында республикалық тренер, педагог-зерттеуші география пәні мұғалімі Який Хайрат пен мектеп кординаторы, педагог-зерттеуші тарих пәні мұғалімі Бейсалиева Айнагуль Балташевна коучинг өткізді. «Lesson study – біздің тәжірибемізде...» практикалық бөлімінде төрт пәннен зерттеу сабақтары өтті. Физика пәнінен Сейдахметова Эльвира Алибековна, химия пәнінен Рахимбекова Тогжан Куралбековна, биология пәнінен Жанпеисова Динара Жумашевна және қазақ тілі пәнінен Нұрлан Айтолқын. Сабақты бақылаушы педагогтар сабақ барысында хронологиялық кесте, транскрипт әдісі, отырғызу әдісі мен A,B,C деңгейіндегі оқушыларды зерттеді. Зерттеу сабағынан  кейін барлық қатысқан қатысушылар,  сарапшылармен бірге сабақты талдап, кері байланыс берілді.

Шара соңында мектеп психологтары қатысушылардың ұйымшылдығын арттыру мақсатында тренинг жүргізіп, келген қонақтар кофе-брейк барысында бір-бірлерімен пікір алмасты.







25.12

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1