Меню KDT
МЕНЮ

 Хабарлама

Астана қаласы Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында 2025–2026 оқу жылының жоспарына сәйкес 3–4-сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, логикалық және сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін дамыту, дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Іс-шара офлайн форматта мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізілді. Олимпиада ашықтық пен әділдік қағидаттарына негізделіп, оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін сынға салды


Хабарлама
Астана қаласы Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында 2025–2026 оқу жылының жоспарына сәйкес 3–4-сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді.
Олимпиадаға 3-сыныптан 16 оқушы, 4-сыныптан 25 оқушы қатысты. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және дарынды балаларды анықтау болды.
Олимпиада офлайн форматта мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіліп, ашықтық пен әділдік қағидаттары сақталды.


Астана қаласы Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында «Алтын тұғыр» байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді. Байқауға төмендегі педагогтер белсене қатысты

  • Темиртаева Қалдыкүл Мейрамбековна
  • Шошанова Заида Сериковна
  • Смайлова Назерке Аралбайқызы
  • Раздан Гүлзира
  • Байболатова Жанар Мергеновна
  • Балабеков Тұрлыбек Шакарович
  • Хусман Қырғауыл
  • Жаналинова Данагүл Теміртасовна
  • Қалқаман Мадина Орталыққызы
  • Іс-шараның мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және үздік тәжірибелеріннасихаттау болды.


Хабарлама
Астана қаласы Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында республикалық «El Úmiti Talent» пәндік олимпиадасының күзгі кезеңіне дайындық мақсатында апробациялық сынақ өткізілді.
Сынаққа 7–9-сыныптардан 30 оқушы қатысты. Апробацияның мақсаты – олимпиаданың академиялық адалдығын қамтамасыз ету және техникалық сапасын арттыру болды.
Айта кету керек, №69 мектеп-гимназияның материалдық-техникалық базасы жақсы жабдықталған, оқу кабинеттері жоғары жылдамдықты Wi-Fi желісімен қамтылған. Бұл жағдай олимпиаданың техникалық тұрғыда сапалы өтуіне мүмкіндік берді.


Недостаточно полномочий

«Зиянды әдеттер- насыбай, темекі» тақырыбында дәріс

2019-2020 оқу жылғы  26 ақпан күні жоспарға  сәйкес,   №69 мектеп-гимназиясының  9,10,11 сынып оқушылары арасында әлеуметтік ұстаз Б.Б.Қуанышбекова және мектеп инспекторы А.А.Досымбеков   «Зиянды әдеттер- насыбай, темекі» тақырыбында  дәріс өткізді.

          Мақсаты: өскелең жас ұрпақтың денсаулығы мықты, интеллектуалды, дүниетанымы терең білімі сапалы, адамгершілігі мол, бойын «зиянды әдеттерден» аулақ ұстайтын, саналы ұрпақ болып өсуіне ықпал жасау.

          Қатысушыларға зиянды әдеттер: шылымның, алкогольдің, есірткінің адам ағзасына зияны, олардың әсерінен қандай аурулар туындайтыны, алдын алу жолдары туралы ақпараттар берді. Оқушыларға бейнежазбалар көрсетіліп, өздеріне қажет сұрақтарына жауап алып, белсенді қатысып өз ойларын ашық жеткізді.



26.02

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1