«Ризашылық – мейірімділік бұлағы» атты іс-шара
28.02.2020 жылы «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» атты іс-шара өткізілді. 1-11 сынып оқушыларына «Бір Отан – Бір отбасы» тақырыбында біріңғай сынып сағаттары өткізілді. Мектептің 1 қабаты безендіріліп, саптық жиында мектептің өзін – өзі басқару ұйымы мүшелері көңілді флешмоб биледі. Сонымен қоса әр оқушының ата-анасына, ұстаздарына, достарына деген ізгі ниеттері, алғыстары, ризашылықтары жазылған тілектерін құттықтау бұрышына ілді. Бүгінгі іс-шарамызға атсалысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз!