Меню KDT
МЕНЮ

 Хабарлама

Астана қаласы Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында 2025–2026 оқу жылының жоспарына сәйкес 3–4-сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, логикалық және сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін дамыту, дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Іс-шара офлайн форматта мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізілді. Олимпиада ашықтық пен әділдік қағидаттарына негізделіп, оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін сынға салды


Хабарлама
Астана қаласы Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында 2025–2026 оқу жылының жоспарына сәйкес 3–4-сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді.
Олимпиадаға 3-сыныптан 16 оқушы, 4-сыныптан 25 оқушы қатысты. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және дарынды балаларды анықтау болды.
Олимпиада офлайн форматта мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіліп, ашықтық пен әділдік қағидаттары сақталды.


Астана қаласы Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында «Алтын тұғыр» байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді. Байқауға төмендегі педагогтер белсене қатысты

  • Темиртаева Қалдыкүл Мейрамбековна
  • Шошанова Заида Сериковна
  • Смайлова Назерке Аралбайқызы
  • Раздан Гүлзира
  • Байболатова Жанар Мергеновна
  • Балабеков Тұрлыбек Шакарович
  • Хусман Қырғауыл
  • Жаналинова Данагүл Теміртасовна
  • Қалқаман Мадина Орталыққызы
  • Іс-шараның мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және үздік тәжірибелеріннасихаттау болды.


Хабарлама
Астана қаласы Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында республикалық «El Úmiti Talent» пәндік олимпиадасының күзгі кезеңіне дайындық мақсатында апробациялық сынақ өткізілді.
Сынаққа 7–9-сыныптардан 30 оқушы қатысты. Апробацияның мақсаты – олимпиаданың академиялық адалдығын қамтамасыз ету және техникалық сапасын арттыру болды.
Айта кету керек, №69 мектеп-гимназияның материалдық-техникалық базасы жақсы жабдықталған, оқу кабинеттері жоғары жылдамдықты Wi-Fi желісімен қамтылған. Бұл жағдай олимпиаданың техникалық тұрғыда сапалы өтуіне мүмкіндік берді.


Недостаточно полномочий

Қамкөңіл жандарға қарайласу – сауап

3 желтоқсан – Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күні болып белгіленсе, ал жыл сайын қазанның әр екінші жексенбісі көңілі жарым жандарға мейірім сыйлауға үндейтін мереке ретінде аталып өтіледі. Осыған орай, Мүмкіндігі шектеулі жандар күні қарсаңында мүгедек баллар мен ата-анасына айырылған балларға қайырымдық шаралар ұйымдастырылды. Жұмыс пен сабақтан тыс мәдени  демалыс ретінде түрлі көрмелер мен шағын қалалық саяхаттар ұйымдастырылды. «Дар» қайырымдылық қоры толық демеушілік етуінің арқасында жоспарланған іс шара өте жоғары деңгейде өтті. Қоғамдық көлікпен баллардың жүріп тұруын қамтамасыз етті. Жоспарланған іс шара аясында баллалар Думан ойын сауық орталығында зоопарк пен су асты балықтарын тамашалады. Нұр-Сұлтан қаласының кереметін биіктен тамашалау үшін Думан ойын-сауық орталығының жанындағы айналмалы Карусельге отырды. Түскі ас кезінде балаларды тамақтандыру үшін отбасылық рестораны Family –ға пицца жеуге алып бардық. Мүмкіндігі шектеулі балалардың осы бір айтулы күні көңілдерінен шығатындай өту үшін ұйымдастырушылар бар күш жігерін салды. Әр мүгедек бала тағдырдың сынағына түскендіктен оның көңіліне қаяу түсірмей білім беру мектебіміздің ең басты мақсаттарының бірі болып табылады. 
Берекелі өңірімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың көңілдерін көкке көтерген, мерейлерін асқақтатқан осындай  іс-шаралар әлі де жалғасын табатынына сенімдеміз.



30.10

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1