Меню KDT
МЕНЮ

 Хабарлама

Астана қаласы Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында 2025–2026 оқу жылының жоспарына сәйкес 3–4-сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, логикалық және сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін дамыту, дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Іс-шара офлайн форматта мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізілді. Олимпиада ашықтық пен әділдік қағидаттарына негізделіп, оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін сынға салды



Астана қаласы Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында 2025–2026 оқу жылының жоспарына сәйкес 3–4-сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді.
Олимпиадаға 3-сыныптан 16 оқушы, 4-сыныптан 25 оқушы қатысты. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және дарынды балаларды анықтау болды.
Олимпиада офлайн форматта мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіліп, ашықтық пен әділдік қағидаттары сақталды.


Астана қаласы Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында «Алтын тұғыр» байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді. Байқауға төмендегі педагогтер белсене қатысты

  • Темиртаева Қалдыкүл Мейрамбековна
  • Шошанова Заида Сериковна
  • Смайлова Назерке Аралбайқызы
  • Раздан Гүлзира
  • Байболатова Жанар Мергеновна
  • Балабеков Тұрлыбек Шакарович
  • Хусман Қырғауыл
  • Жаналинова Данагүл Теміртасовна
  • Қалқаман Мадина Орталыққызы
  • Іс-шараның мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және үздік тәжірибелеріннасихаттау болды.


Хабарлама
Астана қаласы Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында республикалық «El Úmiti Talent» пәндік олимпиадасының күзгі кезеңіне дайындық мақсатында апробациялық сынақ өткізілді.
Сынаққа 7–9-сыныптардан 30 оқушы қатысты. Апробацияның мақсаты – олимпиаданың академиялық адалдығын қамтамасыз ету және техникалық сапасын арттыру болды.
Айта кету керек, №69 мектеп-гимназияның материалдық-техникалық базасы жақсы жабдықталған, оқу кабинеттері жоғары жылдамдықты Wi-Fi желісімен қамтылған. Бұл жағдай олимпиаданың техникалық тұрғыда сапалы өтуіне мүмкіндік берді.


Недостаточно полномочий

«Жасыл мектеп»

     Бүгінгі таңда Астана қаласы әкімдігінің «Кемел Акышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында»  Болат Өтемұратов Қоры жүзеге асырып жатқан «Жасыл мектеп» жобасының эко білім беруді және табиғатқа жанашырлық танытуды дамытуға бағытталған жылыжайы жұмыс жасауда. Мектеп оқушыларымен бірге 19 қаңтардан бастап атсалысып келеді. 19-қаңтар күні жылыжайға алғаш тұқым себу жұмыстары жүргізілген болатын.

    Бұл жобаның болашақ ұрпақты еңбекқор әрі экологиялық сауатты етіп тәрбиелеуде әлеуметтік және  экологиялық маңызды екенін атап өткен жөн. «Жасыл мектеп» жобасы жыл бойы жұмыс істейтін жоба.

«Жасыл мектеп » жобасында  практикалық жұмыстарды оқушыларымыз мектебіміздің оқу тәжірибе үлескісінде  білімдерін тәжірибемен ұштастырады. Жылыжайда тәжірибелік мақсатта шалқан, сәбіз, қызылша, қияр, қызанақ, ақжелкем, асжапырағы, салат жапырақтары өсіріле бастады.

    Әр бала өсімдіктің қалай өсетінін, оған қандай күтім керек екенін көріп, біледі. Сондықтан бұл келешекте пайдасын тигізетін білім болары анық.

   Бұл жоба бойынша түрлі лекциялар мен семинарлар өткізіледі. Әр айда Алматы қаласынан бас агроном  Павел Михайлович келіп, бізге дәрістер оқып және тәжірибелік бөлімдерді көрсетеді. Сондай-ақ түрлі мектептердің жылыжайларымен тәжірибелік танысулар өткізіледі. Мектеп жанындағы жылыжайға биология, жаратылыстану, география сабақтарында танымдық мақсатта оқушылармен экскурсиялар жасалды. 7 сынып оқушыларымен Жанпеисова Д.Ж бастауымен ғылыми жоба яғни зерттеу жұмысы жүргізілуде.
  Марат А. оқушыларға бірнеше практикалық сабақтар өткізді.  Жылыжайдың ауа температурасы, әр өсімдіктің өсу жағдайы үнемі бақылануда. Өсімдіктер өскеннен бастап, патогендік микроорганизмдермен күресу мақсатында  фитоспорин препаратымен әр 10 күн де себу арқылы осы күнге дейін өсімдіктерді сақтап келеміз. Зиянкестерден сақтану мақсатында 1 рет биологиялық дезинфекция жасалды. Жалпы айтқанда, жылыжайдың мектеп оқушылары үшін танымдық, экологиялық, биологиялық тәрбиесі зор екенін әр оқушының қызықтаған белсенділігінен байқауға болады. 

       

03.05

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1