Меню KDT
МЕНЮ

 Хабарлама

Астана қаласы Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында 2025–2026 оқу жылының жоспарына сәйкес 3–4-сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, логикалық және сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін дамыту, дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Іс-шара офлайн форматта мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізілді. Олимпиада ашықтық пен әділдік қағидаттарына негізделіп, оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін сынға салды


Хабарлама
Астана қаласы Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында 2025–2026 оқу жылының жоспарына сәйкес 3–4-сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді.
Олимпиадаға 3-сыныптан 16 оқушы, 4-сыныптан 25 оқушы қатысты. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және дарынды балаларды анықтау болды.
Олимпиада офлайн форматта мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіліп, ашықтық пен әділдік қағидаттары сақталды.


Астана қаласы Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында «Алтын тұғыр» байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді. Байқауға төмендегі педагогтер белсене қатысты

  • Темиртаева Қалдыкүл Мейрамбековна
  • Шошанова Заида Сериковна
  • Смайлова Назерке Аралбайқызы
  • Раздан Гүлзира
  • Байболатова Жанар Мергеновна
  • Балабеков Тұрлыбек Шакарович
  • Хусман Қырғауыл
  • Жаналинова Данагүл Теміртасовна
  • Қалқаман Мадина Орталыққызы
  • Іс-шараның мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және үздік тәжірибелеріннасихаттау болды.


Хабарлама
Астана қаласы Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында республикалық «El Úmiti Talent» пәндік олимпиадасының күзгі кезеңіне дайындық мақсатында апробациялық сынақ өткізілді.
Сынаққа 7–9-сыныптардан 30 оқушы қатысты. Апробацияның мақсаты – олимпиаданың академиялық адалдығын қамтамасыз ету және техникалық сапасын арттыру болды.
Айта кету керек, №69 мектеп-гимназияның материалдық-техникалық базасы жақсы жабдықталған, оқу кабинеттері жоғары жылдамдықты Wi-Fi желісімен қамтылған. Бұл жағдай олимпиаданың техникалық тұрғыда сапалы өтуіне мүмкіндік берді.


Недостаточно полномочий

9-сынып ата-аналарымен жиналыс

2023 жылдың 23 мамыр күні негізгі орта мектеп бітіруші түлектер 9-сынып ата-аналарымен жиналыс өтті.
Жиналыс барысында оқу жылының аяқталуы, мектепті бітіру емтихандарының өту мерзімі, емтиханға дайындық мәселесі қарастырылды.
Жиналыста сонымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» № 793 Жарлығының 2-тармағы негізінде К.Акышев атындағы №69 мектеп-гимназия директоры Ж. Рахметованың 2023 жылдың 18 мамырдағы №30-н/қ бұйрығымен таныстырылды.
Сонымен қатар 10-сыныпта оқитын оқу бағыттарын (қоғамдық-гуманитарлық немесе жаратылыстану-математикалық бағыт) таңдау бойынша айтылды.








24.05

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1