Меню KDT
МЕНЮ

 Хабарлама

Астана қаласы Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында 2025–2026 оқу жылының жоспарына сәйкес 3–4-сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, логикалық және сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін дамыту, дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Іс-шара офлайн форматта мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізілді. Олимпиада ашықтық пен әділдік қағидаттарына негізделіп, оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін сынға салды


Хабарлама
Астана қаласы Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында 2025–2026 оқу жылының жоспарына сәйкес 3–4-сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді.
Олимпиадаға 3-сыныптан 16 оқушы, 4-сыныптан 25 оқушы қатысты. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және дарынды балаларды анықтау болды.
Олимпиада офлайн форматта мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіліп, ашықтық пен әділдік қағидаттары сақталды.


Астана қаласы Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында «Алтын тұғыр» байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді. Байқауға төмендегі педагогтер белсене қатысты

  • Темиртаева Қалдыкүл Мейрамбековна
  • Шошанова Заида Сериковна
  • Смайлова Назерке Аралбайқызы
  • Раздан Гүлзира
  • Байболатова Жанар Мергеновна
  • Балабеков Тұрлыбек Шакарович
  • Хусман Қырғауыл
  • Жаналинова Данагүл Теміртасовна
  • Қалқаман Мадина Орталыққызы
  • Іс-шараның мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және үздік тәжірибелеріннасихаттау болды.


Хабарлама
Астана қаласы Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында республикалық «El Úmiti Talent» пәндік олимпиадасының күзгі кезеңіне дайындық мақсатында апробациялық сынақ өткізілді.
Сынаққа 7–9-сыныптардан 30 оқушы қатысты. Апробацияның мақсаты – олимпиаданың академиялық адалдығын қамтамасыз ету және техникалық сапасын арттыру болды.
Айта кету керек, №69 мектеп-гимназияның материалдық-техникалық базасы жақсы жабдықталған, оқу кабинеттері жоғары жылдамдықты Wi-Fi желісімен қамтылған. Бұл жағдай олимпиаданың техникалық тұрғыда сапалы өтуіне мүмкіндік берді.


Недостаточно полномочий

ІІМ түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады

Құрметті ата-аналар мен түлектер! 25 мамырда еліміздің барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаттары өткізіледі. Салтанатты іс-шаралар барысында полиция органдары қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдайтын болады. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкері бекітілді. Патрульдік нарядтар іс-шаралар өткізілетін орындарға барынша жақын болады.

Соңғы жылдардағы тәжірибеге сүйенсек, мектептердегі “соңғы қоңыраулар” аяқталғаннан кейін ата-аналардың рұқсатымен көптеген түлектер іс-шараларды өз бетінше жалғастырады. Өкінішке орай, жасөспірімдердің көлік тізгіндеуі қайғылы оқиғаларға әкеліп жатады. Өткен жылы мұндай фактілер Жамбыл, Атырау облыстары мен Алматы қаласында орын алды. Одан бөлек, ата-аналардың бақылауынсыз балалар тыйым салынған жерлерде суға түсіп жатады. Былтыр Ақмола, Маңғыстау және Атырау облыстарындағы су айдындарының шомылуға жабдықталмаған жерлерінде жасөспірімдердің суға кету жағдайлары тіркелді. Осыны ескере отырып, ата-аналар мен түлектерді мінез-құлықтың қажетті нормалары мен ережелерін сақтауға шақырамыз. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу 102 арнасына, ал төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуды сұраймыз, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/iim-tulekter-men-olardyng-ata-analaryna-undeu-zhasady/ 21.05

Посмотреть на карте Нур-Султана

Қабылдау телефоны:

+7 (7172) 57‒75‒80

Мектеп мекен-жайы:

Исатай батыр, 141/1